Бактериофаг дегеніміз не


Соңғы болжам бойынша вирустар плазмидтен пайда болған Вирустардың торшаның нәсілдік элементтершен шығуы мүмкін. Себебі, табиғат вирустарда ДНҚ мен РНҚ-ның әрбір түрін жаттығып көргеннен кейін клеткаларда олардың ең керекті түрін екі жіптен тұратын ДНҚ мен бір жіптен тұратын РНҚ-ны ғана қалдырған болуы керек. Демек, осының арқасында мынандай болжам пайда болған әртүрлі вирустар түрлі мерзімдерде клетканың әр түрлі нәсілдік элементтермен шыққан болуы керек. Осының салдарынан ғана бесаспап нәсілдік код вирустарға да, бүкіл жанды дүниеге де тән және олар жердің органикалық дүниесінен шыққан.

 

    1. Бактериофагтар – вирустардың ерекше түрлері.

Бактериофагтар (бактерия және гр. phagos — жегілер), бактерия жалмаушылары — бактерияларды, т.б. микроорганизмдерді ыдырататын вирустар; бактериялар жасушасын зақымдайтын және олардың еруін тудыратын вирустар.


Оларды алғаш рет 1898 жылы орыс ғалымы Н.Ф. Гамалея (1859 — 1949) байқаған, 1915 жылы ағылшын ғалымы Ф. Туорт ашқан. Ал Бактериофагтар терминін ғылымға 1917 жылы алғаш рет француз ғалымы Ф. д’Эрелль енгізген. Бактериофагтар тек тірі клеткада ғана тіршілік ете алады. Ол ұзындығы 60 — 100 нм болатын бас бөлігінен және 100—200 нм таяқша тәрізді құйрықшадан тұрады. Бас бөлігінде бір немесе екі ДНҚ жіпшелері, 3%-тей белок, т.б. заттар болады. Құйрықша жиырылу қабілеті бар спираль тәрізді қаппен оралған ақуызды біліктен тұрады, оның шетіндегі базалды (негізгі) пластинкадан таралған өте жіңішке жіпшелер көмегімен Бактериофагтар басқа денеге беки алады. Бактериофагтар көптеген бактериялардан, соның ішінде патоген (ауру қоздырғыш), сапрофит (өлекселермен қоректенетіндер) топтарынан, сәулелі саңырауқұлақтардан, көк-жасыл балдырлардан табылған. Ол адам мен жануарлардың ішек-қарындарында, өсімдіктерде, топырақта, табиғи және ақаба суларда, көңде, т.б. ортада кездеседі. Бактериофагтар топырақтағы микроорганизмдерге зиянды әсер етіп, ондағы пайдалы процестердің (аммонилану, нитрлену, атмосфера азотын тұту) қалыпты жүруіне кесірін тигізеді. Сондай-ақ, Бактериофагтар азотобактердің азот тұтушы қабілетін, патоген бактериялардың улылық және антигендік қасиеттерін өзгерте алады. Ал кейбір Бактериофагтар микробтарды жүйелеу саласында, микробиол. синтездеуде (антибиотиктерді, амин қышқылдарын, сүт өнімдерін, бактериялық тыңайтқыштарды даярлауда, т.б.), сонымен қатар адамдар мен жануарларда кездесетін бірқатар жұқпалы (оба, іріңдеткіш стафилакоктар, тырысқақ, іш сүзегі және анаэроб инфекциялары) ауруларды қоздыратын бактериялардан алдын-ала сақтандыру және емдеу мақсатында қолданылады. Генетика мен молекулялық биологияның теориялық мәселелерін анықтап, шешуде Бактериофагтардың маңызы зор.


Фагтар бактериальды клеткаға енiп, оны жоя алады. Iшек таяқша фагының денесi бас бөлiмнен және ақуызбен қапталған iшi қуыс таяқшадан тұрады. Таяқша алты жiпшеден тұратын тақташамен аяқталады. Бас бөлiмiнде ДНҚ орналасқан. Бактериофаг өсiндiлерi арқылы iшек таяқшасына бекiнедi, түйiскен ферменттiң әсерiнен ДНҚ таяқша каналы клеткаға кiредi. 10 – 15 минуттан соң, осы ДНҚ әсерiнен бактериальды клетканың метаболизмi түгел өзгерiп, ол өзiнiң емес, бактериофагтың ДНҚ синтездеудi бастайды. Бұл процесс 200 – 1000 жаңа фагтiк бөлшектiң пайда болуымен және клетканың жойылуымен аяқталады.

1892 жылы орыс ботанигi Д.И.Ивановский алғаш рет темекi өсiмдiгiнен инфекциялық экстрактын алды. Осындай экстракт, бактерияларды ұстап қалатын сүзгiден өткен, инфекциялық қасиетке ие болды. 1898 жылы голландық ғалым Бейеринк кейбiр сүзгiден өткен сұйықтықтың инфекциялық табиғатын белгiлеу үшiн “вирус” терминiн енгiздi.

Жоғары тазаланатын вирустың сынамаларын алуда үлкен жетiстiктерге жеткенiмен және химиялық табиғаты жағынан нуклеопротеиндер (ақуызбен байланысқан нуклеин қышқылдары) екенi анықталғанына қарамастан бөлшектердiң өзi ұстатпайтын, өте ұсақ жұмбақты болып қала бердi, себебi оларды өте ұсақ болғандықтан жарықтық микроскоп арқылы көру мүмкiн емес.
ндықтан да вирустар, 30 жылдары ашылған электронды микроскоппен бiрiншi болып анықталған биологиялық құрылымдардың бiрi болды. Вирустық және бактериялық аурулардың берiлу жолдары бiрдей болғандықтан, бұл сұрақты бiрге қарастыру ыңғайлы.

 

 

 

Пайданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Букринская А. Г. Вирусология. — М.: Медицина, 1986. — 336 с.

  1. Диммок Н.Д., Истон, Эндрию Д., Вирусология қазіргі заманда— Blackwell Publishing, 2007. — ISBN 1-4051-3645-6.

  1. Коллер, Лесли, Балаус, Альберт, Сюзман Макс. Микробиология және микробтық инфекция / Mahy, Brian and Collier, Leslie. Arnold. — ninth edition. — Virology, 1998. — Т. 1. — ISBN 0-340-66316-2.

  1. Майо М.А., Принжли К.К., Вирустар бөлімі — 1997 // Journal of General Virology. — 1998. — № 79. — С. 649—657.


  1. Найп, Дэвид М., Питер М., Гриффен, Диана У., Роберт А., Вирусология ілімі. — Lippincott Williams & Wilkins., 2007. — ISBN 0-7817-6060-7.

  1. Шоорс Терри. Вирустарды түрлері мен құрылысы.— Jones and Bartlett Publishers, 2008. — ISBN 0-7637-2932-9.

 

 

 

Источник: referat911.ru

Бактериофагтар («бактерия» және гректің phagos — жалмаушы) – бактерияға спецификалы енетін, оларды толық жойғанша (лизистегенше) ішінде паразиттенетін бактериялардың вирустары. Алғаш рет күйдіргі таяқшаларының өздігінен лизистену құбылысын 1898 жылы ресейлік микробиологияның негізін салушылардың бірі Н.Ф.Гамалея байқаған. 1915 жылы ағылшын бактериологы Ф.Туорт стафилококтардан фильтрат дайындаған осы бактериялардың жаңа дақылын ерітетінін байқаған. Француз ғалымы Ф.Д,Эрелль ғана (1917 жылы) дизентериямен ауырған науқастардың нәжісінен сүзгіден өте алатын агентті бөліп алып, осы құбылысқа дұрыс баға берген.
іткіш агентті (нәжіс фильтратын) дизентерия бактериялары өсіп шыққан сұйық сорпалы ортаға қосқан кезде, орта толық мөлдірленген. Дәл осындай әсерді Д,Эрелль тығыз ортаға еріткіш агентті сәйкес бактериямен араластырып сепкен кезде байқаған. Біріңғай өскен бактериялар фонында дөңгелек немесе дұрыс емес пішінді стерильді дақтар – «негативті колониялар» немесе «таңдақтар» деп аталған, бактериялар лизистенген аймақтар пайда болған.

Ф.ДґЭрелль өзі ашқан еріткіш агентті бактериялар вирустары деген шешімге келіп, оны «бактериофаг» — бактерияларды жалмаушы деп атады. Бактериофагтар кеңінен таралған және бактериялардан басқа да микроорганизмдерде кездеседі, мысалы, саңыруқұлақтарда. Сондықтан бактериофагтарды сөздің кең мағанасында фагтар деп жиі атайды.

Бактериофагтарды алдына бактерия түрінің атауы қойылып латын, грек немесе орыс алфавиттерінің әріптерімен қатар сандық индекспен атайды. Туыстас фагтарды атау үшін фагтар бөлініп алынған микробтардың туыстастық және түрлік аттарын пайдаланады: колифаг, стафилофаг, актинофаг, микофаг ж/е т.б.


Бактериофагтардың құрылысын зерттеу үшін металмен немесе фосфорлывольфрам қышқылымен шаңдандыру арқылы контрастталған үлгілерін электронды микроскоппен зерттейді. Пішіні мен құрлымдарының ұйымдастырылуына байланысты фагтарды бірнеше морфологиялық типтерге бөледі: жіпше тәріздес; майда куб тәріздес (кейбіреулерінде өсінді аналогтары болады); сперматозоид пішіндес фагтар, дәлірек айтсақ басы куб тәрізді де жиырылатын немесе жиырылмайтын құндағы бар құйрықшалы өсінідісі болады. Фагтардың мөлшері 20 дан 800 нм (жіпше тәріздесі) болады.

Тиянақты түрде, өсіндісінің жиырылатын құндағы бар, сперматозоид пішінді, ірі бактериофагтар зерттелген, мысалы, Т2, Т4, Т6 колифагтары. Олар икосаэдр пішінді, 65-100 нм көлемдегі бастан және ұзындығы 100 нм-ден асатын құйрықтық өсіндіден тұрады (14 — сурет). Құйрықтық өсіндінің ішінде басымен жалғасып жататын, қуыс, цилиндр пішіндес өзегі болады, ал сыртында – бұлшық ет сияқты, жиырылуға қабілетті құндағы болады. Құндақ, бастың қасында өзекті қоршап жататын жиекке жалғанған. Өсіндінің дистальды ұшында тікенектері бар алтыбұрышты базальды пластинка болады, одан жіпше тәрізді құрылымдар – фибриллалар шығады.


Бактериофагтарда не ДНҚ не РНҚ болады. Фагтардың нуклеин қышқылдары екіжіпшелі, біржіпшелі, сызықтық, сақиналы болады. Фагтардың көпшілігі екіжіпшелі, сақинаға тұйықталған ДНҚ-дан тұрады.

Сперматозоид пішінді фагтарда суперспиралді екіжіпшелі ДНҚ басының ішінде орналасып капсидпен қоршалаған. Капсид полипептидті суббірліктерге ұқсас, икосаэдр (куб) түрінде орналасқан ақуыз молекулаларынан тұрады. Басының құрамына аспарагин, глутамин және лизиннен тұратын полипептид те кіреді. Фагтардың кейбіреулерінің басының ішінде ДНҚ-ның суперспиралденуін қамтамасыз ететін гистонтәріздес ақуыз болады. Құйрықтық өсіндісінің жиырылатын құндағы да спираль тәріздес орналасқан, құрамында АТФ пен СА2+ иондары бар ақуыздық суббірліктерден құралған. Фагтардың кейбір түрлерінің (мысалы, Т2) өсінідісінің дистальды бөлігінде лизоцим ферменті болады.


Антигендік қасиеттері.Бактериофагтардың құрамында иммундық қасиеттерге ие, организмде спецификалық антиденелердің түзілуін туғызатын, топтықспецификалық және типтікспецификалық антигендер болады. Бактериофагтармен әрекеттескен антиденелер, олардың бактерияларға тигізетін литикалық белсенділігін бейтараптай алады. Типоспецификалық антигендеріне байланысты фагтарды серотиптерге бөледі.

Резистенттілігі (төзімділігі).Адам вирустарына қарағанда бактериофагтар қоршрған орта факторларына төзімді болып келеді. 65-70°С температура, жоғары мөлшерде УК-сәулеленудің, иондаушы радиация, формалин және қышқылдар әсерлерінен инактивацияланады. Төменгі температурада және кептірген кезде ұзақ сақталынады.

Фагтардың бактерия жасушасымен әрекеттесуі.Бактериофагтар жасушаның арнайы рецепторларымен әрекеттесе отырып, қатаң түрде белгілі бір бактерияларды зақымдайды. Әрекеттесудің спецификалылығына байланысты келесі бактериофагтарды ажыратады: бактерияның туыстас түрлерімен әрекеттесетін поливалентті түрі; бактериялардың белгілі бір түрімен әрекеттесетін моновалентті; берілген түрдің бір ғана типімен (варианттарымен) әрекеттесетін типтік түрі.


Фагтардың бактериялармен әрекеттесуі басқа вирустағылардай өнімді, түсіктік (абортивті) және бірікпе (интегративті) жолмен өтуі мүмкін. Әрекеттесудің өнімді түрінде бактерия лизистеніп фагтық ұрпақ түзіледі; түсіктік түрінде — фагтық ұрпақ түзілмейді де бактерия өмірін сақтап қалады; интегративті түрде – фаг геномы бактерия хромосомасына еніп, сонымен бірге тіршілік етеді. Әрекеттесу түріне байланысты вирулентті және әлсіз бактериофагтарды ажыратады.

Вирулентті бактериофагтар бактериямен өнімді түрде әрекеттеседі. Бактерияға енгеннен кейін олар 200-300 жаңа фагтық бөлшектерге дейін репродукцияланып, бактерияны лизистейді. Бактериофагтың бактериямен әрекеттесуі адам вирусының иесінің жасушасымен әрекеттесуін еске түсіреді. Фагтардың бактерия жасушасына спецификалық адсорбциялануы жасуша қабырғасында липопротеиндік немесе липополисахаридтік комплементарлық рецепторлар болған жағдайда ғана болады. Жасуша қабырғасы жоқ бактерияларға (протопластар, сферопластар) бактериофагтар адсорбцияланбайды. Кейбір фагтар рецепторлар ретінде бактериялардың жыныстық кірпікшелерін (пилилерін) пайдаланады.


Әлсіз бактериофагтар вирулентті бактериофагтарға қарағанда сезімтал бактериялармен өнімді немесе интегративті жолмен әрекеттеседі. Әлсіз фагтың өнімді айналымы вирулентті фагтың әрекетін қайталап, бактерия лизисімен аяқталады. Әрекеттесудің интегративті түрінде әлсіз фагтың ДНҚ-лы бактерия хромосомасына еніп, көбейіп жатқан бактерияның геномымен синхронды репликацияланып, лизис тудырмайды. Бактерия хромосомасына енген бактериофаг ДНҚ-лы профаг деп, ал бактерия дақылы лизогенді деп аталады. Бактерия мен бактериофагтың мұндай бірлесіп тіршілік етуін лизогения (гректің lisis-еру, genea-шығу тегі) деп аталады. Бактерия хромосомасының бөлігіне айналған профаг, бактерия көбейген кезде тұқым қуалап, ұрпақтарға беріледі.

Фагтарды тәжірибеде қолдану.Бактериофагтарды жұқпалы ауруларға зертханалық диагноз қоюда, бактериялардың түрілік идентификациясын, яғни фаговарларын (фаготипін) анықтауда қолданады. Бұл үшін фагтар әсерінің қатаң спецификалылығына негізделген фаготиптеу әдісін қолданады: тығыз ортасы бар табақшаға қоздырғыштың таза дақылдарын сеуіп бетіне әртүрлі типоспецификалық диагностикалық фагтарды тамызады. Бактерия фаговарын оның лизисін туғызған фаг (стерилді таңбаның, «таңдақтың» немесе «негативті колонияның» пайда болуы) типі деп анықталады. Фаготиптеу әдісін инфекция көзі мен таралу жолдарын анықтауда пайдаланады (эпидемиологиялық маркерлеу). Бір фаговарға жататын бактерияларды әртүрлі науқастардан бөліп алу жұғу көзінің бір екендігін көрсетеді.

Қоршаған орта объектілерінде (мысалы, суда) бактериофагтардың болуына қарап соған сәйкес патогенді бактериялардың бар екендігін білуге болады. Бұндай зерттеулерді жұқпалы аурулардың эпидемиологиялық жаппай таралуын талдау кезінде жүргізеді.

Фагтарды сондай-ақ бірқатар ауруларды емдеу және алдын алу үшін пайдаланады. Ішсүзектік, салмонеллалық, дизентериялық, көкіріңдік, стафилококтық, стрептококтық фагтар және аралас препараттар (колипротеиліқ, пиобактериофаг, т.б.) шығарылады. Бактериофагтарды көрсеткіштері бойынша пероралды, парентералды немесе жергілікті тәсілмен сұйық, таблетка күйінде, балауыз немесе аэрозоль түрінде тағайындайды.

Бактериофагтарды гендік инженерияда рекомбинантты ДНҚ алу үшін вектор ретінде кеңінен қолданады.

Источник: studopedia.org

Бактериофагтар («бактерия» және гректің phagos — жалмаушы) – бактерияға спецификалы енетін, оларды толық жойғанша (лизистегенше) ішінде паразиттенетін бактериялардың вирустары. Алғаш рет күйдіргі таяқшаларының өздігінен лизистену құбылысын 1898 жылы ресейлік микробиологияның негізін салушылардың бірі Н.Ф.Гамалея байқаған. 1915 жылы ағылшын бактериологы Ф.Туорт стафилококтардан фильтрат дайындаған осы бактериялардың жаңа дақылын ерітетінін байқаған. Француз ғалымы Ф.Д,Эрелль ғана (1917 жылы) дизентериямен ауырған науқастардың нәжісінен сүзгіден өте алатын агентті бөліп алып, осы құбылысқа дұрыс баға берген. Еріткіш агентті (нәжіс фильтратын) дизентерия бактериялары өсіп шыққан сұйық сорпалы ортаға қосқан кезде, орта толық мөлдірленген. Дәл осындай әсерді Д,Эрелль тығыз ортаға еріткіш агентті сәйкес бактериямен араластырып сепкен кезде байқаған. Біріңғай өскен бактериялар фонында дөңгелек немесе дұрыс емес пішінді стерильді дақтар – «негативті колониялар» немесе «таңдақтар» деп аталған, бактериялар лизистенген аймақтар пайда болған.

Ф.ДґЭрелль өзі ашқан еріткіш агентті бактериялар вирустары деген шешімге келіп, оны «бактериофаг» — бактерияларды жалмаушы деп атады. Бактериофагтар кеңінен таралған және бактериялардан басқа да микроорганизмдерде кездеседі, мысалы, саңыруқұлақтарда. Сондықтан бактериофагтарды сөздің кең мағанасында фагтар деп жиі атайды.

Бактериофагтарды алдына бактерия түрінің атауы қойылып латын, грек немесе орыс алфавиттерінің әріптерімен қатар сандық индекспен атайды. Туыстас фагтарды атау үшін фагтар бөлініп алынған микробтардың туыстастық және түрлік аттарын пайдаланады: колифаг, стафилофаг, актинофаг, микофаг ж/е т.б.

Бактериофагтардың құрылысын зерттеу үшін металмен немесе фосфорлывольфрам қышқылымен шаңдандыру арқылы контрастталған үлгілерін электронды микроскоппен зерттейді. Пішіні мен құрлымдарының ұйымдастырылуына байланысты фагтарды бірнеше морфологиялық типтерге бөледі: жіпше тәріздес; майда куб тәріздес (кейбіреулерінде өсінді аналогтары болады); сперматозоид пішіндес фагтар, дәлірек айтсақ басы куб тәрізді де жиырылатын немесе жиырылмайтын құндағы бар құйрықшалы өсінідісі болады. Фагтардың мөлшері 20 дан 800 нм (жіпше тәріздесі) болады.

Тиянақты түрде, өсіндісінің жиырылатын құндағы бар, сперматозоид пішінді, ірі бактериофагтар зерттелген, мысалы, Т2, Т4, Т6 колифагтары. Олар икосаэдр пішінді, 65-100 нм көлемдегі бастан және ұзындығы 100 нм-ден асатын құйрықтық өсіндіден тұрады (14 — сурет). Құйрықтық өсіндінің ішінде басымен жалғасып жататын, қуыс, цилиндр пішіндес өзегі болады, ал сыртында – бұлшық ет сияқты, жиырылуға қабілетті құндағы болады. Құндақ, бастың қасында өзекті қоршап жататын жиекке жалғанған. Өсіндінің дистальды ұшында тікенектері бар алтыбұрышты базальды пластинка болады, одан жіпше тәрізді құрылымдар – фибриллалар шығады.

Бактериофагтарда не ДНҚ не РНҚ болады. Фагтардың нуклеин қышқылдары екіжіпшелі, біржіпшелі, сызықтық, сақиналы болады. Фагтардың көпшілігі екіжіпшелі, сақинаға тұйықталған ДНҚ-дан тұрады.

Сперматозоид пішінді фагтарда суперспиралді екіжіпшелі ДНҚ басының ішінде орналасып капсидпен қоршалаған. Капсид полипептидті суббірліктерге ұқсас, икосаэдр (куб) түрінде орналасқан ақуыз молекулаларынан тұрады. Басының құрамына аспарагин, глутамин және лизиннен тұратын полипептид те кіреді. Фагтардың кейбіреулерінің басының ішінде ДНҚ-ның суперспиралденуін қамтамасыз ететін гистонтәріздес ақуыз болады. Құйрықтық өсіндісінің жиырылатын құндағы да спираль тәріздес орналасқан, құрамында АТФ пен СА2+ иондары бар ақуыздық суббірліктерден құралған. Фагтардың кейбір түрлерінің (мысалы, Т2) өсінідісінің дистальды бөлігінде лизоцим ферменті болады.

Антигендік қасиеттері. Бактериофагтардың құрамында иммундық қасиеттерге ие, организмде спецификалық антиденелердің түзілуін туғызатын, топтықспецификалық және типтікспецификалық антигендер болады. Бактериофагтармен әрекеттескен антиденелер, олардың бактерияларға тигізетін литикалық белсенділігін бейтараптай алады. Типоспецификалық антигендеріне байланысты фагтарды серотиптерге бөледі.

Резистенттілігі (төзімділігі).Адам вирустарына қарағанда бактериофагтар қоршрған орта факторларына төзімді болып келеді. 65-70°С температура, жоғары мөлшерде УК-сәулеленудің, иондаушы радиация, формалин және қышқылдар әсерлерінен инактивацияланады. Төменгі температурада және кептірген кезде ұзақ сақталынады.

Фагтардың бактерия жасушасымен әрекеттесуі. Бактериофагтар жасушаның арнайы рецепторларымен әрекеттесе отырып, қатаң түрде белгілі бір бактерияларды зақымдайды. Әрекеттесудің спецификалылығына байланысты келесі бактериофагтарды ажыратады: бактерияның туыстас түрлерімен әрекеттесетін поливалентті түрі; бактериялардың белгілі бір түрімен әрекеттесетін моновалентті; берілген түрдің бір ғана типімен (варианттарымен) әрекеттесетін типтік түрі.

Фагтардың бактериялармен әрекеттесуі басқа вирустағылардай өнімді, түсіктік (абортивті) және бірікпе (интегративті) жолмен өтуі мүмкін. Әрекеттесудің өнімді түрінде бактерия лизистеніп фагтық ұрпақ түзіледі; түсіктік түрінде — фагтық ұрпақ түзілмейді де бактерия өмірін сақтап қалады; интегративті түрде – фаг геномы бактерия хромосомасына еніп, сонымен бірге тіршілік етеді. Әрекеттесу түріне байланысты вирулентті және әлсіз бактериофагтарды ажыратады.

Вирулентті бактериофагтар бактериямен өнімді түрде әрекеттеседі. Бактерияға енгеннен кейін олар 200-300 жаңа фагтық бөлшектерге дейін репродукцияланып, бактерияны лизистейді. Бактериофагтың бактериямен әрекеттесуі адам вирусының иесінің жасушасымен әрекеттесуін еске түсіреді. Фагтардың бактерия жасушасына спецификалық адсорбциялануы жасуша қабырғасында липопротеиндік немесе липополисахаридтік комплементарлық рецепторлар болған жағдайда ғана болады. Жасуша қабырғасы жоқ бактерияларға (протопластар, сферопластар) бактериофагтар адсорбцияланбайды. Кейбір фагтар рецепторлар ретінде бактериялардың жыныстық кірпікшелерін (пилилерін) пайдаланады.

Әлсіз бактериофагтар вирулентті бактериофагтарға қарағанда сезімтал бактериялармен өнімді немесе интегративті жолмен әрекеттеседі. Әлсіз фагтың өнімді айналымы вирулентті фагтың әрекетін қайталап, бактерия лизисімен аяқталады. Әрекеттесудің интегративті түрінде әлсіз фагтың ДНҚ-лы бактерия хромосомасына еніп, көбейіп жатқан бактерияның геномымен синхронды репликацияланып, лизис тудырмайды. Бактерия хромосомасына енген бактериофаг ДНҚ-лы профаг деп, ал бактерия дақылы лизогенді деп аталады. Бактерия мен бактериофагтың мұндай бірлесіп тіршілік етуін лизогения (гректің lisis-еру, genea-шығу тегі) деп аталады. Бактерия хромосомасының бөлігіне айналған профаг, бактерия көбейген кезде тұқым қуалап, ұрпақтарға беріледі.

Фагтарды тәжірибеде қолдану.Бактериофагтарды жұқпалы ауруларға зертханалық диагноз қоюда, бактериялардың түрілік идентификациясын, яғни фаговарларын (фаготипін) анықтауда қолданады. Бұл үшін фагтар әсерінің қатаң спецификалылығына негізделген фаготиптеу әдісін қолданады: тығыз ортасы бар табақшаға қоздырғыштың таза дақылдарын сеуіп бетіне әртүрлі типоспецификалық диагностикалық фагтарды тамызады. Бактерия фаговарын оның лизисін туғызған фаг (стерилді таңбаның, «таңдақтың» немесе «негативті колонияның» пайда болуы) типі деп анықталады. Фаготиптеу әдісін инфекция көзі мен таралу жолдарын анықтауда пайдаланады (эпидемиологиялық маркерлеу). Бір фаговарға жататын бактерияларды әртүрлі науқастардан бөліп алу жұғу көзінің бір екендігін көрсетеді.

Қоршаған орта объектілерінде (мысалы, суда) бактериофагтардың болуына қарап соған сәйкес патогенді бактериялардың бар екендігін білуге болады. Бұндай зерттеулерді жұқпалы аурулардың эпидемиологиялық жаппай таралуын талдау кезінде жүргізеді.

Фагтарды сондай-ақ бірқатар ауруларды емдеу және алдын алу үшін пайдаланады. Ішсүзектік, салмонеллалық, дизентериялық, көкіріңдік, стафилококтық, стрептококтық фагтар және аралас препараттар (колипротеиліқ, пиобактериофаг, т.б.) шығарылады. Бактериофагтарды көрсеткіштері бойынша пероралды, парентералды немесе жергілікті тәсілмен сұйық, таблетка күйінде, балауыз немесе аэрозоль түрінде тағайындайды.

Бактериофагтарды гендік инженерияда рекомбинантты ДНҚ алу үшін вектор ретінде кеңінен қолданады.

Источник: StudFiles.net

3. Жоспар

1 Тарихы
2 Бактериофаг құрылысы
3 Бактериофаг систематикасы
4 Бактероифагтың бактерия клеткасына әсері
5 Қолданылуы
o
5.1 Медицинада

4.

Бактериофа́гтар (фагтар) ( ежелгі грек тілінен
φᾰγω — «жоямын») — бактерия клеткасын
жоятын вирустар. Бактериофагтар бактерия
ішінде көбейеді және оны ыдыратады.
Бактериофаг ақуызды қабаттан және біртізбекті
немесе екітізбекті нуклеин қышқылы бар
генетикалық материалдан тұрады. ( РНҚ немесе
ДНҚ). Бөлшектің шамамен ұзындығы 20 дан 200
нмге сәйкес келеді.

6.

Тарихы
Ағылшын бактериологы Туорт Фредерик 1915 жылғы
мақаласында стафилококтардың инфекциялық
ауруын сипаттады, инфицирленген агент фильтрден
өте алған және оны бір колоннадан екіншісіне
тасымалдауға болған.
Фредерик Туортқа тәуелсіз француз – канадалық
микробиолог Д.Эррель 1917 жылы 3 қыркүйекте
бактериофагтардың ашылғаны туралы хабарлайды.
Сонымен қатар, ресейлік микробиолог Гамалея
Николай Федерович 1898 жылы алғаш рет бактерия
лизисінің пайда болуын бақылаған.

9.

Бактериофаг ашылғаннан соң Д.Эррель патогенді
бактериялардың паразиттері болып табылатын
бактериофагтар инфекция патогенезінде маңыэды
роль атқаратындығын айтты және де бактериофагтар адамның денсаулығын қалпына келтіре
отырып, спецификалы иммунитет тудыратыны
туралы болжам жасайды. Бұл болжам адамдағы
және жануарлардағы инфекциялық ауруларға
қарсы маңызды заттарды фагтардан таппақ болған
зерттеушілердің назарын аудартты.

10. Бактериофаг құрылысы

1 — головка, 2 — хвост, 3 — нуклеиновая
кислота, 4 — капсид, 5 — «воротничок», 6 —
белковый чехол хвоста, 7 — фибрилла хвоста,
8 — шипы, 9 — базальная пластинка

16.

Бактериофагтар химиялық структурасына, нуклеин
қышқылының түріне, морфологиясына және
бактерияға әсеріне байланысты ерекшеленеді.
Өлшеміне байланысты бактериофагтар микроб
жасушаларынан жүз тіпті мың есе кіші.
Фаг бөлшегі (вирион) басынан және құйрығынан
тұрады. Әдетте құйрығының ұзындығы басының
диаметрінен 2-4 есе үлкен. Вирионның басында
біртізбекті немесе екітізбекті РНҚлы немесе ДНҚлы
транскриптаза ферменті бар генетикалық материал
болады.Ол ақуызды немесе липопротеидті қабат капсидпен қоршалған. Фагтар — вирустар сияқты
жасуша ішілік паразиттер.

18.

Бактериофаг систематикасы
Зерттелген бактериофагтардың
көпшілігі систематиканы
қажет-сінеді.
Қазіргі кезде Халықаралық
классификацияға сәйкес бактериофагтар – нуклеин
қышқылы-ның түріне
байланысты РНҚ лы немесе
ДНҚлы болып бөлінеді.

24. Медицинада қолданылуы

Бактериофагтардың ең негізгі
қолданылатын жері – антибактериальді
терапия. Медицинада стрептококты,
стафилококты, клебсиеллезді, полмвалентті
дизентерийлі, пиобактериофаг, коли, протей
және колипротей және тағы басқа
бактериофагтар қолданылады.

27.

Бактериофагтар – бактерияға қарсы әсері
бар жоғары эффектілі иммунобиологиялық
препарат. Қатерлі ішек инфекциясының
және де іріңді – қабынған аурулар емі мен
профилактикасында қолданылады.
Сонымен қатар преператтармен бірге ішек
дисбактериозының емінде және ішек
микрофлорасыны қалпына келтіру үшін
қолданылады. Бактериофагтар — тірі
агенттер, табиғатта кең таралған бактерия
вирустары.

28. Бактериофагтар табиғи сырды пайдалана отырып дайындалады және ересектер мен балаларға да қолдануға болады.

Поливалентті дизентерий бактериофагының (Дизфаг)
шигелл Флекснера және Зонне — дизентерия бактериясыны
қоздырушы-ларды спецификалы ыдырату қасиеті бар.
Бактериальді дизентерия кезінде қолданылады.
Клебсиелл пневмония бактериофагының (Клебсифаг)
клебсиелл пневмония бактериясыны спецификалы ыдырату
қасиеті бар. Клебсиелл пневмония бактериясы тудырған іріңді
– қабынған және энтеральді аурулар емі мен профилактикасында,
мысалы, құлақтың, тамақтың, мұрынның, тыныс алу жолдарының,
өкпенің және плевраның іріңді – қабынған ауруларында;
хирургиялық және энтеральді инфекция кезінде; жаңа туылған
нәрестелердің және емшектегі баланың іріңді – септикалық
ауруларында қолданылады.

30.

Поливалентті клебсиелл бактериофагының риносклерома
және пневмония бактерияларыны спрцификалы ыдырату
қабілеті бар. Клебсиел бактериясы шақырған әр түрлі аурулар
емі мен профилактикасында қолданылады. Мысалы: цистит,
пиелонефрит, абсцесс, құлақтың, мұрынның, тамақтың іріңді
— қабынған ауруларында.
Коли бактериофагының (Колифаг) энтеропатогенді ішек
таяқшасыны (E.coli) спецификалы ыдырату қасиеті бар.
Коли бактериясы тудырған ішкі органдар мен терінің іріңді
инфекциясының емі мен профилактикасында (синусит, отит,
ангина, фарингит, ларингит, трахеит, бронхит, пневмония,
плеврит, іріңді жаралар, абсцесс, флегмона, фурункул,
карбункул, гидраденит, панариций, парапроктит, мастит,
бурсит, остеомиелит, уретрит, цистит, пиелонефрит, кольпит,
эндометрит, сальпингоофорит, гастроэнтероколит, холецистит,
омфалит, сепсис) қолданылады.

31.

Колипротей бактериофагының( Колипротеофаг) кең
таралған энтеропатогенді эшерихий және протеяны
спецификалы ыдырату қабілеті бар. (Pr.mirabilis және
Pr.vulgaris). Энтероколит профилактикасы мен емінде
және де , коли және протей бактериялары шақырған
ауруларды емдеуде (цистит, пиелит, пиелонефрит,
эндометрит, сальпингоофорит ) қолданылады.
Протей бактериофагының (Протеофаг) протея
бактериясыны спецификалы ыдырату қасиеті бар. (Pr.
mirabilis және Pr. vulgaris). Протей бактериялары
шақырған ішек аурулары мен іріңді – қабынған аурулар
емі мен профилактикасында, ішек дисбактериозында
қолданылады.

33.

Сальмонеллезді бактериофагының АВСДЕ
топтарының сальмонеллезді ыдыратады. Ересектер мен
балалардағы сальмрнеллезді емдеуде және профилактикада
қолданылады.
Көк іріңді бактериофагының ( аэругиноз
псевдомонасы) аэругиноз псевдомонос бактериясыны
спецификалы ыдырату қасиеті бар. Көк ірің таяқшасы
тудырған іріңді – қабынған және энтеральді аурулар
емі мен профилактикасында, мысалы, құлақтың,
тамақтың, мұрынның, тыныс алу жолдарының,
өкпенің және плевраның іріңді – қабынған
ауруларында; хирургиялық және энтеральді инфекция
кезінде; жаңа туылған нәрестелердің және емшектегі
баланың іріңді – септикалық ауруларында
қолданылады.

36.

Стафилококкты бактериофагының (Стафилофаг) іріңді
инфекция кезіндегі стафилококк бактериясыны ыдырату
қабілеті бар. Стафилококк бактериялары шақырған шырышты
және ішкі органдар мен терінің іріңді инфекциясының емі мен
профилактикасында (синусит, отит, ангина, фарингит, ларингит,
трахеит, бронхит, пневмония, плеврит, іріңді жаралар, абсцесс,
флегмона, фурункул, карбункул, гидраденит, панариций,
парапроктит, мастит, бурсит, остеомиелит, уретрит, цистит,
пиелонефрит, кольпит, эндометрит, сальпингоофорит,
гастроэнтероколит, холецистит, омфалит, сепсис), сонымен қатар
ішек дисбактериозында қолданылады.
Стрептококкты бактериофагының (Стрептофаг) іріңді
инфекция кезіндегі стрептококк бактериясыны ыдырату
қабілеті бар. Стрептококк бактериясы шақырған шырышты
және ішкі органдар мен терінің іріңді инфекциясының емі мен
профилактикасында (синусит, отит, ангина, фарингит, ларингит,
трахеит, бронхит, пневмония, плеврит, іріңді жаралар, абсцесс,
флегмона, фурункул, карбункул, гидраденит, панариций,
парапроктит, мастит, бурсит, остеомиелит, уретрит, цистит,
пиелонефрит, кольпит, эндометрит, сальпингоофорит,
гастроэнтероколит, холецистит, омфалит, сепсис), сонымен қатар
ішек дисбактериозында қолданылады.

38.

Интести-бактериофагының шигеллезді, сальмонеллезді,
стафилококкты және энтерококкты бактерияны, ішектің
энтеропатогенді таяқшасын, протей, аеругиноз псевдомонасыны спецификалы ыдырату қасиеті бар. Сезімтал
микроорганизмдер шақырған ішек – қарын жолы
ауруларының емі мен профилактикасында, яғни, бактериальді
дизентерий, сальмонеллез, дисбактериоз, энтероколит, колит
және диспепсияда қолданылады.
Пиобактериофаг комбинированный (Пиополифаг)
способен лизировать стафилококки, стрептококки (в т.ч.
энтерококки), протея (мирабилис и вульгарис), синегнойную
(псевдомонас аэругиноза) и кишечную палочки. Предназначен
для профилактики и лечения гнойно-воспалительных
заболеваний уха, горла, носа, пазух носа, дыхательных путей,
легких; хирургических инфекций (на, яғни,гноения, абсцесс,
флегмона, остеомиелит, перитонит); урогенитальных
инфекций (уретрит, цистит, пиелонефрит); гинекологических
инфекций (кольпит, эндометрит, сальпингоофорит);
энтеральных инфекций (гастроэнтероколит, холецистит,
дисбактериоз); гнойно-септических заболеваний
новорожденных.

39.

Поливалентті пиобактериофагының (Секстафаг) стафилококкты,
стрептококкты , коли эшерихиясыны, протеяны (мирабилис және вульгарис),
аэругиноз псевдомонасыны, пневмония клебсиелласыны спецификалы ыдырату
қабілеті бар. Іріңді – қабынған және энтеральді ауралар емі мен
профилактикасында, мысалы, құлақтың, тамақтың, мұрынның, тыныс алу
жолдарының, өкпенің және плевраның іріңді – қабынған ауруларында;
хирургиялық және энтеральді инфекция кезінде; жаңа туылған нәрестелердің
және емшектегі баланың іріңді – септикалық ауруларында қолданылады.
Комплексті пиобактериофаг – сұйық бактериофаг. стрептококкты , коли
эшерихиясыны, протеяны (мирабилис және вульгарис), аэругиноз
псевдомонасыны, пневмония клебсиелласыны спецификалы ыдырату қабілеті
бар. Іріңді – қабынған және энтеральді ауралар емі мен профилактикасында,
мысалы, құлақтың, тамақтың, мұрынның, тыныс алу жолдарының, өкпенің және
плевраның іріңді – қабынған ауруларында; хирургиялық және энтеральді
инфекция кезінде; жаңа туылған нәрестелердің және емшектегі баланың іріңді –
септикалық ауруларында операциядан кейінгі жараларды өңдеуде қолданылады.

41.

Мутации устойчивости к фагу возникают
после контакта с ним
Мутации предсуществуют, возникают
спонтанно и отбираются при добавлении
фага

44.

Стрептококкты бактериофаг, терапияда
қолданылады

45.

Сальмонеллезді бактериофаг,
сальмонелезді тудыратын
бактерияларды жояды.

46.

Тәжірибелі жүйе: фагтарға тұрақты
мутантты бактериясының E.coli, туындауы.

Источник: ppt-online.org

  • русский
  • қазақша

Саудалық атауы

Сұйық интести бактериофагы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ішуге арналған сұйықтық

Құрамы

1 мл препараттың құрамында

белсенді зат:

Бактериялар фаголизаттары стерильді фильтратының қоспасы: Shigella flexneri 1, 2, 3, 4, 6 сероварлар; Shigella sonnei;

Salmonella paratyphi A; Salmonella paratyphi B; Salmonella typhimurium; Salmonella choleraesuis; Salmonella oranienburg; Salmonella enteritidis;

энтеральді аурулардың этиологиясында елеулі энтеропатогенді E. coli әртүрлі серотоптар;

Proteus;

Enterococcus;

Staphylococcus;

Pseudomonas aeruginosa;

фагының титрі 1х106 кем емес

қосымша зат: жоқ

Сипаттамасы:

Өзіне тән дәмі бар, әртүрлі қарқындылықтағы сары түсті мөлдір сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы:

Жүйелі пайдалануға арналған бактерияларға қарсы препараттар.

Бактерияға қарсы басқа да препараттар

АТХ коды J 01X X

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Енгізу тәсіліне қарамастан, бактериофаг препараттары қанға және лимфаға өтеді және қабыну ошағына түседі. Препараттың негізгі бөлігі несеп шығару жолдарына тазартқыш әсер ете отырып бүйрек арқылы, ал қалған бөлігі – асқазан-ішек жолы арқылы шығарылады.

Фармакодинамикасы

Бактериофаг бактериялар жасушалары жарғақшасында сіңірілетін бактериялардың спецификалық вирусы болып табылады, жасушаға енеді және оны ерітеді. Сұйық интести бактериофагы құрамына бактериялардың селективті, тек вирулентті фагтары кіреді: Shigella flexneri 1, 2, 3, 4, 6 сероварлар; Shigella sonnei; Salmonella paratyphi A; Salmonella paratyphi B; Salmonella typhimurium; Salmonella choleraesuis; Salmonella oranienburg; Salmonella enteritidis; энтеральді аурулардың этиологиясында елеулі энтеропатогенді E. coli әртүрлі серотоптар; Proteus; Enterococcus; Staphylococcus; Pseudomonas aeruginosa — бұл препараттың жоғары белсенділігі мен тиімділігін қамтамасыз етеді.

Қолданылуы

Сұйық интести бактериофагы жоғарыда аталған микроорганизмдер немесе олардың үйлесуінен туындаған асқазан-ішек жолы инфекциясын емдеуге және профилактикасы үшін қолданылады. Препарат мынадай аурулар кезінде қолданылады: шигеллез, сальмонеллез, іш сүзегі, паратиф, дисбактериоз, энтероколит, инфекциялық колит, диспепсия.

Қолдану тәсілі және дозалары

Бактериофаг препаратын ұтымды қолданудың маңызды шарты қоздырғыштың фотосезімталдығын анықтау және препаратты ертерек қолдану болып табылады.

Сұйық интести бактериофагы ауыз арқылы (per os) және клизмада (per rectum) қолдануға арналған.

Препаратты аурудың алғашқы симптомдары пайда болуымен тамақтануға дейін 1 сағат бұрын, 5-10 күн бойы қабылдайды.

Барынша жоғары емдік әсеріне қол жеткізу үшін пероральді емдеу жүргізу кезінде препаратты ішекті босатқаннан кейін клизма арқылы (ректальді), күніне бір рет тағайындау ұсынылады.

Препараттың ұсынылатын дозасы:

Ішек инфекцияларының профилактикасында:

Жағымсыз әсерлері

Бактериофаг препараттары уытты емес. Сұйық интести бактериофагын қабылдаумен байланысты жағымсыз әсерлері мен реакциялары байқалмаған.

Балаларда өмірінің бірінші айларында препаратты қабылдаудың алғашқы 2 күнінде құсу, терінің бөртуі мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Препараттың кез келген компонентіне аса жоғары сезімталдық.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Бактериофаг препараттарының басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі анықталмаған. Сұйық интести бактериофагы басқа дәрілік заттармен, оның ішінде бактерияларға қарсы препараттармен қолданылуы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Бұлыңғырланған кезде препаратты қолдануға болмайды!

Препарат құрамында қоректік орта болуы салдарынан, препараттың бұлыңғырлануын туындататын қоршаған ортадағы бактериялардың дамуы мүмкін болғандықтан, құтыны ашқанда төмендегі ережелерді сақтау қажет:

— қолды жақсылап жуу;

— қалпақшаны құрамында спирт бар ерітіндімен өңдеу;

— тығынды ашпай, қалпақшасын алу керек;

— үстелге немесе басқа да заттарға тығынды ішкі беткейімен қоюға болмайды;

— құтыны ашық тастамау керек;

— ашылған құтыны тек тоңазытқышта сақтау керек.

Аз дозаларды пайдаланғанда (2-8 тамшы) препаратты 0,5-1 мл көлемінде стерильді еккішке тартып алу қажет.

Жоғарыда аталған ережелердің сақтау шарттары сақталғанда және бұлыңғырлануы болмағанда, ашылған құтыдағы препаратты ашқаннан кейін 24 сағат ішінде, тиісті жағдайларда сақталған кезде пайдалануға болады.

Жүктілік және лактация кезеңі

Бактериофаг препараттарын жүктілік және лактация кезеңінде қолдануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Арнайы нұсқамалар жоқ.

Артық дозалануы

Бактериофаг препараттарының артық дозалану симптомдары белгісіз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

20 мл-ден медициналық шыныдан жасалған құтыда, 4 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапта.

Сақтау шарттары

Препаратты құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 2°С — 25°С температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Дәрігердің рецептісінсіз

Өндіруші

«Биохимфарм» АҚ

Мекенжайы: Готуа к-сі 3, Тбилиси 0160. Грузия,

Тел: +995 32 2 244777 / 2 244778, факс: +995 32 2 380895;

Эл-поштасы: [email protected] ; www.biochimpharm.ge

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Биохимфарм» АҚ

Мекенжайы: Готуа к-сі 3, Тбилиси 0160, Грузия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

ҚР өкілдігі Алматы қ. 050012 Қазыбек би к-сі № 125 / 198 үй

телефон +7 707 723 27 72

+7 707 728 02 71

+7 727 301 81 83

электронды поштасы: [email protected]

 

Источник: drugs.medelement.com


Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.