Санбюллетень тұмау


Тұмау (инфлюэнца) дегеніміз не?

Тұмау (инфлюэнца) – жоғарғы тыныс алу жолдарының вирустық ауруы, кенеттен пайда болады, ысыну, дененің аурысынуы,  бас ауыруы, тез шаршау, тәбетті жоғалту, құрғақ жөтел, көмейдегі ауырсыну мен құрғақтық секілді симптомдармен қосарланады. Тұмаудың суық тиюден айырмашылығы бар; тұмауда симптомдар, әдетте, күштірек, қарапайым суық тиюге қарағанда жұмыстан немесе мектептен бірнеше күн қалуға тура келеді.

Көптеген адамдар мәселесіз сауығады, бірақ, кейде ауру бактериалдық инфекцияның дамуына апаруы мүмкін, мысалы, құлақ инфекциясы, мұрын қуысының инфекциясы немесе бронхит. Үйде дұрыс емдеу осындай инфекциялардың алдын алуға көмектеседі. Бірқатар жағдайда күрделі асқынуы да болуы мүмкін, мысалы, пневмония. Асқыну дамуы мүмкін, ауруханаға жатқызу қажет болатын қауіп топтарына жататындар:

·         сәбилер,


·         65 жастан асқан ересектер,

·         Ауыр аурулары бар адамдар.

Тұмаудың себебі не?

А және В тұмауының вирустары классикалық тұмауды туындатады. A түрі, әдетте, жыл сайынғы тұмауды қоздырушы.

Бұл вирустар ұдайы өзгереді, шағын түрлер мен штаммдардың түзілуіне апарады, олардың бастапқы вирустан  айырмашылығы болады, бірақ, кейбір сипаттамалары сақталады. Тұмауды туындататын вирустың штаммы жыл сайын өзгереді.

Симптомдары қандай?

Тұмау ысынумен, жөтелмен, қалтыраумен, дененің ауырсынуымен, бас ауыруымен, тез шаршаумен сипатталады. Бұл симптомдар әдетте, 3-4 күн бойы сақталады, одан кейін құрғақ жөтел, мұрынның бітелуі/ағуы немесе тамақтың жыбырлауы пайда болып, апта бойы немесе соған жуық сақталады. Инкубациялық кезең – тұмау вирусымен қатынастан бастап оның симптомдарына дейін: 1-4 күн.

«Тұмау» термині тұмау тәрізді симптомдары бар жеңіл дәрежелі түрлі ауруларға да жиі қолданылғанымен, бұл вирустық тектес, өзіне тән симптомы бар, өз алдына бөлек ауру, көбінесе күздің соңы мен қыста дамиды.

Тұмаудың симптомдары  кенеттен пайда болады және жиі кездесетіндері:

·         Ысыну 37.8 °C — 40 °C, кейде аурудың басында 41.1 °C жетеді. Жоғары температура үздіксіз сақталады, кейде кезеңді көтерілуі мүмкін. Егде жастағы адамдарда температура балалар мен жастарға қарағанда төменірек болады.

·         Қалтырау.


·         Дененің ауырсынуы және бұлшық еттің ауырсынуы (көбінесе, күшті),әдетте, арқада, қол-аяқта.

·         Бас ауыруы.

·         Көз ұясының қозғалуында ауырсыну.

·         Тез шаршау, жалпы нашар сезіну, тәбет жоғалту.

·         Құрғақ жөтел, мұрынның бітелуі/ағуы, көмейдің құрғақтығы және ауырсынуы. Аурудың бірінші күндері бұл симптомдар байқалмауы мүмкін, ал басқа симптомдары айқын болады. Ысыну басылғанда бұл симптомдар айқын байқалады.

Күшті ысынуда басқа симптомдар әдетте, айқынырақ болады.

Қалай өтеді?

Тұмау әдетте, кенеттен басталады. Көптеген жағдайда симптомдары нақты басталған сағатын айтады. Симптомдар  жұқпаланғаннан кейін 1-4 күн аралығында дамиды.

Классикалық тұмау 3 күнге жуық ысынумен сипатталады, одан кейін біртіндеп басқа симптомдар көрініс береді. Әдетте, ысыну 2-3-ші күндері аздап басылады. Кейде 8 күнге дейін созылады.

Респираторлық симптомдар (жөтел, мұрынның бітелуі/ағуы, көмейдегі ауырсыну) ысыну мен басқа симптомдар азая бастағанда айқындалады. Олар әдетте, ысыну өткеннен кейін 3-4 күн бойы сақталады. Құрғақ, қарлығатын жөтел басқа симптомдар жойылғаннан кейін 10 күнге дейін сақталуы мүмкін.

Толық сауығу кейде 1-2 аптаға дейін, одан да ұзақ созылады. Тез шаршау және әлсіздік бірнеше апта бойы сақталады.

Тұмаудың асқынуы кез келген адамда болуы мүмкін, бірақ, егде жастағы адамдар мен ауыр аурулары бар адамдарда жиі кездеседі, мысалы, жүрек және өкпе ауру бар адамдарда.


Ауруға шалдығу қаупі неліктен артады?

Тұмау вирусымен қатынаста болған кез келген адам жұқпалануы мүмкін. Бұл вирус жұқпалы және қарттар үйі, ауруханалар, мектеп, емханалар секілді адамдар топтасқан жерлерде жеңіл таралады. Осындай жерлерде жұмыс істеу, бару немесе тұру тұмауға шалдығу қаупін арттырады.

Аурудың ауыр түрлері мен асқыну қаупі келесі адамдарда жоғары болады:

·         4 жасқа дейінгі балалар.

·         65 жастан асқан ересектер. Тұмаудан болған өлім-жітімнің 90%  жуығы осы жас топтарына жатады.

·         Әйелдер, жүктіліктің екінші немесе үшінші үш айлығы тұмау маусымына келсе.

·         Өкпенің созылмалы обструкциясына, басқа да өкпе мен жүрек ауруларына шалыққан адамдар.

·         Иммундық жүйені әлсірететін дәрі қабылдайтын адамдар ( [ЖИТС], т.б).

Алдын алу

Тұмау вакцинасын жыл сайын қазан/қараша айлары кезінде салу арқылы алдын алуға болады. «тұмауға қарсы вакцина » инъекция түрінде тағайындалады. Бұл вакцина тұмаудың көп жағдайларының алдын алады, бірақ, алдын алу тиімділігі жасқа, денсаулық жағдайына, вирус штаммының айналымдағы штаммен ұқсастығына байланысты.

Егер вакцина тұмаудың алдын алмаса да, ол аурудың барысын жеңілдетеді, асқынуының даму қаупін азайтады. Зерттеулер көрсеткендей, тұмауға қарсы вакцина салу жұмыстан қалу күндерін және респираторлық инфекция бойынша дәрігерге бару санын азайтады, сондай-ақ, тұмаудан кейін асқыну дамитын адам санын азайтады, мысалы, пневмонияға шалдығу жағдайларын.


Осы нәтижелерге қарамастан, көпшілік вакцина алмайды. Бұл көпшіліктің сенбеушілігінен, және вакцина туралы дұрыс хабардар болмаудан, вакцинаның жанама әсері кейбір адамдарда ғана және аз болады және олар ұзақ сақталмайды.

Емдеу әдістерін шолу

Көпшілік сау адамдарда тұмау 7-10 күн ішінде өтеді. Әдетте, симптомдар 3-4 күн ішінде айқын болады. Жағдайды жақсарту және асқыну дамуының алдын алу үшін үйде емделу  — әдеттегі қажетті шара.

Келесілер үшін вирусқа қарсы препараттарды қабылдауға болады:

·         A немесе B тұмауының инфекциясынан туындаған симптомдардың ауырлығы мен ұзақтығын азайту.

·         Аурудың ұзақтығын қысқарту.

·         Қарттар үйінде тұмау ошағын бақылау.

·         Тұмаудың күрделі асқынуының алдын алу үшін жоғары қауіп тобының адамдарында вирустың таралуын шектеу.

·         Тұмаудың асқынуының даму қаупінің жиілігін төмендету.

Жоғары қауіп топтарының адамдарына бірінші симптомдары пайда болған сәттен бастап 48 сағатта дәрігерге бару қажет, аурудың ұзақтығын қысқарту үшін дәрі тағайындау қажеттігін анықтау үшін. Вируспен қатынаста болған жағдайда да дәрігерге бару және дәрі тағайындалуы қажет.


Дәрі қолданылмағанда, асқыну жағдайының белгілері болса, дәрігерге бару қажет.

Үйде емделу

Тұмауға шалдықсаңыз, 7-10 күн ішінде ауру өздігінше өтуі тиіс. Жағдайды жақсарту үшін келесі шараларды қабылдау қажет:

·         Көбірек демалу. Төсекте жату жағдайды жақсартады. Сондай-ақ, қоршаған ортаға вирусты таратпауға көмектеседі.

·         Ысынуда жоғалтылатын сұйықтықты толықтыру үшін көбірек сұйықтық ішу қажет. сұйықтық көмейдегі жыбырлауды жеңілдетеді және мұрын сілемейін сұйылтады.лимонмен ыстық шәй, жеміс шырындары, сорпа – дұрыс таңдау.  

·         Ысынуды ауыр көтеретін болсаңыз, аспирин немесе басқа ыстық түсіретін құралдарды қабылдаңыз. Температураны түсіру үшін губкамен салқындау сумен сүртінуге болады. суық су мен мұзды қолданбаңыз. Температураны төмендету тұмаудың симптомдарын тез жоюға көмектеспесе де, жағдайды жеңілдетеді.

·         Дененің ауырсынуын және бас ауыруын жеңілдету үшін аспирин немесе басқа стероидты емес, ауырсынуды басатын құралдарды қабылдау қажет. 20 жасқа дейін аспирин қабылдамаңыз, дәрігер тағайындамаса. аспириннің және басқа дәрілердің асқазанға жайсыздығын есте ұстаңыз.

·         Егер мұрын бітелуі/ағуы көбірек мазаласа, ісінуге қарсы құралды немесе мұрынға спрейді қолданыңыз. Бір құрамбөлікті ісінуге қарсы құралды іздеңіз. Мұрынға арналған спрейлер мен тамшыларды тағайындалғанна артық және 3 күннен артық қолданбаңыз.


·         Мұрын бітелуін жеңілдету үшін ыстық душтың буын немесе ыстық суға толы раковинаның ылғал буын жұтуға болады.

·         антигистаминдық препараттарды қабылдаудан алшақ болыңыз. Олар тұмаудың симптомдарын емдемейді және мұрын сілемейін қоюлатады.

·         Егер мұрын маңайындағы тері мен ерін сүртуден құрғақтанса, аздаған вазелин жағыңыз. Лосьоны бар бір реттік салфеткалар қолдану да көмектеседі.

·         Жөтелді жеңілдету үшін сәйкес тамшыларды немесе соратын кәмпиттерді қолданыңыз.

·         Егер құрғақ, қарлығатын жөтел пайда болса, декстрометорфан құрамдас жөтелге қарсы рецептсіз дәрілерді қабылдаңыз. Кейбір препараттарда спирттің мөлшері үлкен болуы мүмкін, оларды абайлап қолданыңыз.

·         Егер түнде жөтел ұстамасынан ояна берсеңіз, жастықты биіктетіп қойыңыз.

·         Темекі шегуден және түтінін жұтудан алшақ болыңыз. Бұл кез келген уақытта жақсы ұсыныс, әсіресе, респираторлық инфекцияда.

 Дәрігерге көрініңіз, егер:

·         Сауыға бастасаңыз, одан кейін жағдайыңыз қайтадан ушықса.

·         бактериалдық инфекция белгілері пайда болса, мысалы, сары, жасыл, қоңыр немесе қанды қақырықпен күшейген, қайта пайда болған жөтел; түспейтін ысыну, құлақтағы, көмейдегі, мұрын қуысындағы ауырсыну немесе қақырықты жөтел; немесе мұрыннан бөлінді, түсі мөлдірден боялғанға дейін өзгеретін 7-10- күн ішінде.


Дәрілік  препараттар

Антивирустық препараттар 1- 1,5 күнде тұмаудың симптомдарын жеңілдетеді және ұзақтығын қысқартады, егер оларды бірінші симптомдары пайда болғаннан бастап 48 сағат ішінде қабылдаса. Бұл препараттар жыл сайынғы тұмау вакцинасымен иммунизацияны алмастырмайды. Антивирустық препараттар инфекцияның ошағын бақылауды қамтамасыз етуге және инфекцияның таралуының алдын алуда маңызды роль атқарады, әсіресе, тұмаудан кейінгі асқыну дамуы мүмкін жоғары қауіп топтарында.

Источник: www.zdrav.kz

Тұмау — тыныс жолдарын зақымдайтын жұқпалы ауру. Онымен ауырған адамның жағдайы күрт нашарлайды, қауіптілігі де осында. 1957 жылы дүние жүзіне тараған «Азиялық гриптен» миллионға жуық адам қаза тапты.

Тұмаудың ауру қоздырғыш вирустары сыртқы ортаға төзімсіз келеді. Олар күн сәулесінен, ыстықтан, ал хлорамин мен хлорлы әкпен, спиртпен, сілтілермен және қышқылдармен дезинфекциялаған кезде тез қырылып қалады. Бұған керісінше, суыққа өте төзімді, сондықтан да бұл ауру күз бен қыста, ерте көктемде етек алады.

Ауруды көбінесе тұмаумен ауырған адамдар таратады. Ондай сырқаттар ауруларын сау адамдармен қол алысып амандасқанда, балаларын аймалап сүйгенде, түшкіргенде, жөтелгенде жұқтырады. Сөйтіп, отбасында бір адам ауырса, оның ауруы үй- ішіндегі адамның бәріне жұғуы мүмкін.


Тұмау сондай-ақ науқас адамның тамақ ішкен қасығынан, ыдыстарынан, пайдаланып жүрген басқа да заттарынан жұғады. Сондықтан да жұқпалы аурудың бұл түрімен ауырған адамды мүмкіндігінше оңаша бөлмеде күтіп, емдеген жөн. Бұлай ету — аурудың екінші біреуге жұғуына жол бермейді. Осы тұрғыдан алғанда ауру адамның балалармен қарым-қатынас жасауына, оларға жақындауына болмайды. Оның режим сақтағаны жөн.

Тұмауға әсіресе жас балалар тез шалдығады. Тұмаудың ауру қоздырғыш вирусының А, В, С және тағы басқа түрлері бар. Солардың бір түрімен ауырған адамда тек соған қарсы белгілі бір уақытқа дейін иммунитет пайда болады. Мысалы, тұмаудың ауру қоздырғышы А вирусы болса, онымен ауырған бала бұл тұмаумен 1—3 жылға дейін қайтып сырқаттанбайды, ал егер тұмаудың қоздырғышы В вирусы болса, онда тұмаудың бұл түрімен бала 3—6 жылға дейін қайтып ауырмауы мүмкін.

Тұмаудың ауру қоздырғыш вирустары науқас адам жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескенде айналасындағы ауаға тарайды дедік. Осылай вирус араласқан ауамен сау бала дем алса, онда вирус баланың жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабығына түсіп, шоғырланады да, өсіп-өне бастайды, ондағы клеткалардың қызметін бұзады.

Өсіп- өніп күшейген ауру қоздырғыш вирустар және олардан бөлінген улы заттар қанға араласады, сөйтіп басқа органдарға да зиянын тигізеді. Ауру қоздырғыш сау баланың организміне түсіп, аурудың алғашқы белгілері білінгенге дейін бірнеше сағат немесе екі-үш күндей уақыт өтуі мүмкін. Бұл — аурудың білінбейтін (инкубациялық) кезеңі.


Тұмаумен ауырған баланың жағдайы көбінесе күрт нашарлайды, басы ауырып, денесінің қызуы көтеріледі, денесі қалтырап-дірілдейді. Тамаққа тәбеті болмайды, лоқсып құсады, әлсіреп орнынан тұруға шамасы келмейді. Тілі шыққан ересек бала басының қатты ауырып, денесінің ауыр тартқанын, еттерінің, буындарының салдырап, ал кейбіреулері сүйегінің ауырғанын айтады. Көбінесе маңдайы, шекесі солқылдап, көзінің түбі тартып ауырады. Көзі жасаурап, жарыққа қарай алмайды.

Ауру басталғаннан кейін екі-үш күннен соң, мұрнынан тоқтаусыз су ағып, қатты жөтеледі. Қатты жөтелетіні соншалық, жөтелген кезде кеудесі ауырады. Ал жас нәрестелер емшек еме алмайды, дауыстары қарлығады. Ауру баланың беті домбығып, еріндері кезереді, тамаққа тәбеті төмендейді. Арада үш-төрт күн өткен соң жөтелі күшейіп, ересек балалар қақырық тастайды, еріндеріне ұшық шығады. Баланың түсі боп-боз болып, тамағы қызарып, ісінеді. Жүрегінің соғысы жиілейді. Бауыры ісінеді.

Тұмау баланың қорғаныс күшін қатты әлсіретеді, сөйтіп кейбір органдардың ескілікті ауруын қоздырып жіберуі мүмкін. Тұмаудан кейін тыныс органдарының, құлақтың, ми қабығының қабынулары жиі кездеседі. Құлағының іші қабынған нәресте шырылдап жылап мазасызданады.

Ауырған баланы үйде емдейді. Ол алғашқы күннен төсекте жатып, оған дәрігер шақырылуы тиіс. Ауру басталған алғашқы күндері тұмауға қарсы сыворотка қолдануға немесе лейкоцитарлы интерферонды пайдалануға болады. Соңғы дәріні пайдаланар алдында оны қайнаған суға ерітіп, әрбір 2—3 сағат сайын мұрынға тамызу керек. Немесе 0,25 проценттік оксолин майын тәулігіне үш-төрт рет кеңсірікке жағады.


Ауыр жағдайда тұмауға қарсы гаммаглобулин қолданылады, немесе сывороткалы полиглобулинді пайдалануға да болады. Бала ауырған кезде денесінің қызуын жиі-жиі өлшейді. Дененің қызуы көтерілгенде дәрігердің рұқсатынсыз температураны басатын амидопирин, аналгин, аспирин сияқты дәрілерді беруге болмайды.

Дәрігер келгенге дейін ауру балаға құлпынай қосылған шай, компот ішкізуге болады. Бір ас қасық сірке қышқылын суға араластырып баланың денесін сүртсе де температурасы тез төмендейді. Спиртті, арақты немесе сірке қышқылын суға араластырғанда, оның жылылығы 18—22 градустан аспауы керек.

Науқас балаға жиі-жиі қайнаған су, бал қосылған шай, жылы сүт, әр түрлі жеміс-жидек шырынын, көкөніс қайнатындыларын ішкізген, жылы киіндіріп, тамақты дәмді етіп берген жөн. Бала ауырған кезде тамақты сұйығырақ етіп даярлап, аз- аздан жиі-жиі ішкізген дұрыс. Айран мен сүтті, сүттен жасалған тамақтарды және жеміс-жидектерді күн сайын пайдалану қажет.

Бала ауырған кезде организмінде витаминдер жетіспейді, сондықтан да оған жеміс-жидек, олардың шырындарын берумен қатар поливитаминдер де берген пайдалы. Гриппен ауырған кезде мұрыннан тынымсыз су ағатындықтан 2 проценттік эфедрин, проторгол, немесе 0,05 проценттік нафтизин және басқа да сұйық дәрілерді пайдалануға болады.

Ауру асқынбаған жағдайда антибиотиктер қолданылмайды. Баланың жағдайына қарай тыныс алу және басқа органдардың қабынуын болдырмау мақсатымен дәрігер антибиотиктерді өзі белгілеуі мүмкін. Егер ауру асқынса немесе өте ауыр өтсе, онда бала міндетті түрде ауруханада емделуі тиіс.

Бала үйде жатса, күн сайын бөлменің есік-терезесін, еденін хлораминмен немесе хлорлы әкпен және басқа да дезинфекциялық дәрілер қосылған сумен бірнеше рет сүрту керек. Желдеткішті жиі- жиі ашып, бөлменің ауасын тазартып отырудың да маңызы зор. Науқас баланың төсек-орны, ыдысы, сүлгісі бөлек болуға тиіс. Сөйтіп, баланы жастайынан тазалыққа үйретіп, суыққа төзімді етіп өсіруге күш салу қажет.

Ауырған бала ең алдымен режимді қатаң сақтауға, ал ата-ана ауру балаға дұрыс жағдай жасауға тиіс. Өйтпеген жағдайда тұмауды асқындырып алуға болады. Өйткені тұмау елемей жүре беретін, өздігінен жазылып кететін сырқат емес. Ауру балаға жақсы күтім, білікті медициналық ем, дұрыс қамқорлық жасалған жағдайда, ол тұмаудан 5—7 күн ішінде айығып кетеді.

Бірақ тұмау баланың қорғаныс күшін күрт төмендетіп, оны әлсіретіп кететінін есте ұстаған жөн. Ауырған баланың өзіне-өзі толық келіп, қорғаныс күшін көтеруіне бірнеше күн қажет. Сондықтан да баланың үйдегі күтіміне ерекше көңіл бөлген дұрыс.

Источник: erketai.kz

Тұмау және тыныс алу жолдарының өткір вирустық инфекциялары- бұл ауа-тамшы жолдарымен жұғатын әртүрлі инфекциялардың жиынтығы. Соның ішінде тұмау циклдік ағымға ие болған. Сонымен қатар адамдардың көпшілігінде тұмау пандемиядан да қауіпті эпидемияға айналып отыр. Ең алдымен «Ауырып ем іздегенше,ауырмайтынд жол ізде» деген қағиданы ұмытпауларыңыз керек. Сақтықта қорлық жоқ дегендей, әрбір адам өз денсаулығына жауап беруі тиіс. Тұмауды алдын алудың жолдары:

      • Ең тиімді алдын алу әдісі- тұмауға қарсы вакцинасы.
      • Эпидемия кезінде адамдармен байланысыңызды мүмкіндігінше азайтуға тырысыңыз (қоғамдық көліктермен жиірек жүріп,қонаққа барудан бас тартыңыз).
      • Бөлмеңізді, үйіңізді жиі желдетіп, ылғалды түрде жиыстырып қойыңыз.
      • Мұрныңыздың шырышты қабығын интерферонды қолдана отырып, 0,25 пайызды оксалин майымен майлап қойыңыз.
      • Сарымсақ пияз сонымен қатар құрамында С дәрумені бар өнімдерді көбірек пайдаланыңыз лимон,орамжапырақ,қара қарақат.
      • төрт қабатты дәкелі таңғышты қолданыңыз.
      • Толық тамақтаныңыз
      • Таза ауада жүйелі түрде серуендеу, денешынықтырумен және спортпен айналысуды қолға алыңыз.
      • Тұмаумен ауыратын науқасты басқалардан алшақтауды ұмытпаңыз.

Тұмау – жұқпалы вирустық ауру. Эпидемиология институтының ғалымдарының айтуы бойынша   аурудың ушығуы  желтоқсан айының соңы мен қаңтар айының басында болады.

Жұғу жолы – ауа-тамшылы.

Аурудың тарау көзі – сөйлеу, жөтелу, түшкіру кезінде вирус бөлетін тұмаумен ауыратын адам.

Тұмаудың негізгі белгілері – бастың ауруы,  көзді басқа жаққа бұрып қараған кезде көздің ішінің ауруы, буын, бұлшық еттің ауруы, дененің әлсіреп ауруы, дене қызуының көтерілуі.

Тұмаудың емдеу:

  1. Жатып емделу;
  2. Дәрігерді үйге шақыру;
  3. Жылы сусындарды жиі ішу;
  4. Қызу көтерілген кезде  парацетамол, эффералган, фервекс, терафлю т.б ішу;
  5. С дәрумені бар өнімдерді көп пайдалану.

Тұмаудың алдын алу үшін не істеу керек:

  1. Эпидемия басталмай тұрып, вакцинация жасау;
  2.  Эпидемия басталмай тұрып, мұрынның тесіктеріне   2-3сағат бұрын оксолин  майын жағып, 2-3рет интерферон тамызып тұрыңыз;
  3. Тұмаудың алғашқы белгілері байқалған кезде басқаларға жұқтырмау үшін  үйден шықпау;
  4. Медициналық бетперде киіп алып жүріңіз. Оны әр 3 сағат сайын ауыстыруды ұмытпау;
  5. Сыныпты жиі-жиі желдетіп, үзіліс кезінде сыртқа шығып тұру;.
  6. Тағам дайындауға көкөністер, жемістерді, сонымен қатар С дәруменіне бай өнімдерді жиі пайдалану;.
  7. Адам көп жерлерге бармауға тырысу керек.

Источник: asemaiastana.kz

3. Тұмау. Жалпы шолу

Тұмау , грипп (лат. grіppus фр. grіpper – “бас
салу, шап беру”), инфлуэнца – тыныс
жолдарының жұқпалы вирустық ауруы.
Аурудың қоздырғышы –ортомиксовирустар,
олардың үш типі: А, В, С бар. Өте жұқпалы
ауру. Тұмау вирусының сыртқы
қабыршағының құрамында гемагглютицин
(оны Н әрпімен белгіленеді) және
нейраминидаза (N әрпімен белгіленеді)
болады. Олар әр түрлі факторлардың
әсерінен өзгеріп, тұмау вирусының жаңа
вариантын түзуі

5.

Тұмау вирусы өте тез тарайды. Инфекцияны қоздырушы – тұмаумен
ауырған адам. Қоздырғыштар науқас адам жөтелгенде, түшкіргенде және
қақырық, сондай-ақ науқас адам пайдаланған заттар, т.б. арқылы
таралады. Ауалы-тамшылы жолмен түскен вирус жоғ. тыныс
жолдарының беткей клеткаларына С-қа дейін), асқа тәбеті болмайды.
Басы ауырып, бұлшық еттері сыздайды. Адамға тұмау тигеннен кейін
бірнеше сағ-тан соң (кейде 1 – 2 күннен кейін) мұрыннан су ағады, даусы
қарлығып, жөтеледі, қақырық пайда болады, иіс сезуі нашарлап, көзі
қызарады. Аурудың жасырын кезеңі 1 – 4 күнге созылады. Тұмау кезінде
науқастың денесі дел-сал болып, тамағы мен тыныс жолдары ашиды,
дене қызуы көтеріліп (38 құлаққа, тамаққа, тыныс жолдары мен өкпеге
зақым келтіруі мүмкін. Т-дан жазылғаннан кейін организмде иммунитет
пайда болады, ол А типінен кейін 1 – 2 жылға, В типінен – 2 – 3 жылға
созылады, С типінен кейін тұрақтанады. Сондықтан С типімен ауырған
адамдар тұмаудың бұл түрімен қайталап ауырмайды.

6.

Тұмау:қатері және түрлері

7.

Тұмаудың ең басты қатері –
бактериалды пневмония; ринит,
синусит, бронхит, отит;жүрек қан
тамырларының асқынуы сияқты
аурулардың оррын алуы. Тұмау ел
арасында сауығуы өте жеңіл ауру
аталғанымен, оның салдары өлімге
дейін жеткізуі мүмкін.

8.

Т ұ м ауд ы ң т ү рл е р і :
Эпидемиолог мамандар бүгiнгi таңда әлем бойынша
вирустық аурудың 200 түрi бар екенін зерттеп, дәлелдеді. Ол
– адамның инфекциялық патологиясында маңызды рөл
атқарып, ерекше орынға ие болған ауру түрі. Тұмау вирусы
домалақ немесе сопақша пішінді, диаметрі 80-100 cм.
Құрамында РНҚ бар. Бөлме температурасында тұмау
вирусы бірнеше сағаттан кейін өзінің белсенділігінен
айырылады, ал 65 С градусқа дейін қыздырғанда 5-10 минут
аралығында өледі. Ол қышқыл тез бұзылады, кептіргенге
шыдамайды, эфир спирт және басқа залалсыздандыру
ерітінділерінде жойылады. Ультракүлгін сәуле мен
ультрадыбыстар тұмау вирусын тез жояды.

10.

Бір мезгілде бір болыс, өлке, тіпті бүкіл жер жүзі
адамдарының жаппай ауруы мүмкін. Бір ауырған адам бірекі жылға дейін қайтып тұмаумен ауырмайды. Тұмау салқын
кезде жиі, ыстық кезде сирек кездеседі. Кейде адамға суық
тиіп, тыныс жолының жоғарғы бөліктері қабынып, оның
тұмауға ұқсауы да мүмкін. Бірақ бұл тұмау емес. Ол салқын
тигенде мұрын, көмей, жұтқыншақтарды жайлайтын басқа
микробтардың әрекеті.
Тұмау вирусы өте тез тарайды. Инфекцияны қоздырушы –
тұмаумен ауырған адам. Тұмауды қоздыратын вирустар
(микробтар) тыныс жолының кілегей қабығында өсіп-өнеді.
Тұмау тиген адам аурудың микробын жөтелгенде,
түшкіргенде және қақырығы арқылы ауаға таратады.
Сондай-ақ тұмау вирусы науқастың ыдысы, сүлгісі, қол
орамалы, кітабы және т.б. арқылы жұғады.

11. Тұмау вирусының түрлері

Ғалымдар тұмау вирусының 3 түрін бөліп көрсетеді:
А, В, С.
А вирусы-
В вирусы – қатері жағынан ІІ орын алатын вирус болып табылады. Ол
өте қатерлі тұмаудың вирусы болып табылады. А вирусына
қалай жануарлар тұмаулары тән болса , солай да адамдар тұмауы тән
болып табылады. Жануарлар тұмауымен адамдар ауыра алмайды. Және
керісінше. Дәл осы вирус түрі пандемия және т.б. Эпидемиялық
ауралардың бастауы болып табылады.
тек қана тұмаудың алдыңғы стадияларының бірі болып табылады. Бірнеше
мемлекеттерге дейін таралуы мүмкін. Бұл вирус түрі тек қана адамдарға
тән болып табылады.(Көбіне нәрестелерге).
С вирусы – адамдарға тән вирус түрі. Ғалымдармен аз зерттелген.
Белгілері өте айқын болып табылады.Балаларға тән вирус.(Жөтел,
ыстықтың көтерілуі т.б)

12. Симптомы заболевания

Основные симптомы у гриппа следующие:
повышение температуры тела до 38 — 400С;
обильное потоотделение; слабость;
светобоязнь; суставные и мышечные боли;
головная боль и боль в горле;
сухой (иногда – влажный) болезненный кашель;
насморк.
Грипп начинается остро. Инкубационный период обычно длится 12 дня, но может продолжаться до 5 дней. Если грипп протекает без
осложнений, то острый период болезни продолжается 3-5 дней и
окончательное выздоровление наступает в течение 5-10 дней.
Однако после гриппа часто возникают повторное инфицирование
бактериями или другими вирусами (так как организм ослаблен
болезнью). После перенесенного гриппа в течение 2-3 недель
может сохраняться такие явления, как утомляемость, слабость,
головная
боль,
раздражительность,
бессонница.

13. Симптомы заболевания

В случае легкой формы гриппа, температура тела может оставаться
нормальной или повышаться не выше 38°С.
В случае среднетяжелой формы гриппа температура повышается до
38,5-39,5°С и отмечаются классические симптомы заболевания:
обильное потоотделение, слабость, светобоязнь, суставные и
мышечные боли, головная боль, покраснение мягкого нёба и задней
стенки глотки, сухой (в ряде случаев — влажный) болезненный кашель,
насморк.
При развитии тяжелой формы гриппа температура тела поднимается
до 40-40,5°С. В дополнение к симптомам, характерным для
среднетяжелой формы гриппа появляются признаки поражения
нервной системы (психотические состояния, судорожные припадки,
галлюцинации), сосудистые расстройства (носовые кровотечения,
точечные кровоизлияния на мягком нёбе).
При гипертоксической форме гриппа возникает серьезная опасность
летального (смертельного) исхода, особенно для больных из группы
риска.

14. Лечение гриппа

Существуют два класса препаратов, которые применяются для лечения гриппа:
ингибиторы нейраминидазы и ингибиторы M2
Ингибиторы нейраминидазы
Одними из препаратов, имеющих доказанную эффективность при лечении гриппа,
являются осельтамивир (тамифлю) и занамивир. Эти ингибиторы нейраминидазы
эффективны против многих штаммов гриппа, включая птичий. Эти препараты
подавляют распространение вируса в организме, снижают тяжесть симптомов,
сокращают продолжительность заболевания и уменьшают частоту вторичных
осложнений.
Ингибиторы нейраминидазы одобрены для нетяжелого
гриппа, впервые 48 часов появления симптомов. Главное их
преимущество – это эффективность как против вирусов
гриппа группы A, так и против вирусов группы B. Занамивир
рекомендуется для лечения в детей старше 7 лет, однако не
рекомендуется для предотвращения заболевания. Препарат
доступен в качестве порошка, принимаемого с помощью
ингалятора. Осельтамивир лицензирован для детей старше
года. Этот препарат доступен как в таблетках, так и в виде
суспензии и обычно принимается в течение 5-ти дней.

15. Лечение гриппа

Ингибиторы M2 (амантадины)
Ингибиторы M2 включают в себя препараты амантадин и римантадин. Любой из
них может использоваться для предотвращения и лечения вирусов группы A. Но
данные антивирусные препараты не эффективны против вирусов группы B и не
одобрены для использования детьми младше года. Римантадин не рекомендуется
для лечения детей младше 13 лет. Амантадин и римантадин предотвращают
проникновение вируса в клетки.
До последнего времени лечение было обычно
симптоматическое,
в
виде
жаропонижающих,
противокашлевых и отхаркивающих средств, а также
витамины, особенно витамин С в больших дозах.
Заболевшим гриппом врачами рекомендовано покой,
достаточное, даже обильное количество жидкости.
Врачи нередко прописывают препараты интерферона.
Это
вещество,
действительно,
обладает
противовирусным действием, но только в очень
больших дозах, кроме того, наиболее эффективно
только в самой начальной фазе заболевания.

16. Профилактика гриппа

Прививка – главное средство по предотвращению гриппа. Убитые вирусы
гриппа должны попасть в организм ребенка в течение осени. Прививку можно
делать детям старше 6-ти месяцев, а детям моложе 9-ти лет и ранее не
прививавшимся, необходимо вводить вакцину в два приема.
Конечно, самым надежным средством по предотвращению гриппа является
вакцинация, однако помимо этого существует несколько простых правил,
соблюдая которые и приучив соблюдать их ребенка, можно существенно
снизить риск заболевания.
Тщательное мытье рук с мылом или спиртосодержащим гелем – отличная
возможность предотвратить заражение гриппом.
Детям следует избегать дотрагиваться до рта, носа или глаз грязными
руками.
Если у ребенка нет возможности вымыть руки (в школе, в автомобиле), то
надо приучить его использовать очищающие влажные салфетки,
проследите, чтобы они у него всегда были с собой.
Необходимо избегать контактов с уже зараженными людьми, так как грипп
передается воздушно-капельным путем. И, кроме того, надо помнить, что
стресс, ослабленный иммунитет, усталость открывают дорогу заболеваниям,
поэтому настоятельно рекомендуется следить за тем, чтобы ребенок не
переутомлялся, высыпался, занимался спортом, и, конечно же, не стоит
забывать о соответствующей одежде в холодное время года.

17. Профилактика гриппа

Необходимо приучить ребенка использовать бумажные носовые платки
при кашле и чихании, и обязательно следить за тем, чтобы он их выкидывал
сразу после использования.
Исследования показывают, что число случаев заболевания гриппом в
семьях, где есть дети-школьники, вдвое превышает число заражений в
семьях, где дети учатся на дому или еще слишком маленькие для школы.
Поэтому, если ребенок посещает школу, необходимо особенно внимательно
следить за соблюдением выше перечисленных правил и хорошо подумать о
вакцинации.
Существует еще несколько способов нетрадиционной медицины, которые
могут помочь, если использовать их вместе с советами врача.
Одним из таких способов может послужить следующее: нарезать одну головку
чеснока тонкими кусочками, положить в стакан и залить горячей водой,
добавить щепотку соли. Через несколько минут, когда соль растворится в воде
и вода впитает в себя сок чеснока, заливать полученную жидкость в нос по
чайной ложке в каждую ноздрю. Эту процедуру следует проводить до тех пор,
пока неприятные ощущения (пощипывание) не прекратятся. Если вы закапали
нос и у вас нет раздражения слизистой, значит вы смогли полностью
уничтожить все поражения в вашей носоглотке, вызванные вирусами и
бактериями.

18. Результаты опроса

Опрос, который проводился в нашем классе 5 марта показал следующее:
всего участвовало 22 человека.
1) болели гриппом – 10, не болели – 4, не знают – 8;
2) из 10-ти болевших: 3 – заразились на улице, 1 — в общественном
месте, 1- дома от родственников; 5 — не знают где заразились;
3) из 10-ти болевших: 8 – лечились дома, 1 — не знает где лечился,
1 — не лечился вообще;
4) в качестве профилактики опрошенные осуществляют следующие
мероприятия: 2 – закаливание, 3 – делают прививки, 6 – употребляют
витамины, 2 – используют народные средства; 9 – не занимаются
профилактикой гриппа;
5) к сожалению, типов вируса гриппа, и, следовательно, всю
опасность заболевания этой вирусной инфекцией в нашем классе
никто не знал.

Источник: ppt-online.org


Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.